«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына рекордтық 16 мыңнан аса өтінім түсті

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жыл сайын ұйымдастыратын республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының ауқымы жыл сайын артып келеді. Биыл конкурсқа 16 000-нан аса өтінім қабылданды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Мұндай өсім педагогтердің функционалдық сауаттылықты дамытуға және тәжірибе алмасуға деген қызығушылығының артқанын айқын көрсетеді.

Өңірлік сараптамалық комиссиялар бағалау жұмыстарын аяқтап, республикалық кезеңге 140 үздік жұмыс жолдама алды.

Финалистердің бейнематериалдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының YouTube-арнасында жарияланды:

https://www.youtube.com/@orleukz

Финалистерге тұрғындар қолдау білдіре алады. Платформадағы қаралымдар мен реакциялар «YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал» номинациясының жеңімпазын анықтау кезінде ескерілетін болады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 20 желтоқсанда Астана қаласында өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар