«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының қорытындысы шығарылды

Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының қорытындысы шығарылды. «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.

Салтанатты жиында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев жүлдегерлерді кәсіби жетістіктерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрайымы Айдана Шилибекова және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов ұстаздарды жеңістерімен құттықтап, мараппаттарды табыстады. Педагогтер 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен ақшалай сертификаттарға ие болды. Әр бағыт бойынша YouTube-те ең көп қаралған бейнемазмұндардың авторлары да анықталды.

Педагогтердің мотивациясын арттыру мақсатында биыл ЮНЕСКО алғаш рет байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалап, «Глобалдық азаматтық рухында білім беру» және «Климаттық өзгерістер саласындағы білім беру» бағыттары бойынша арнайы марапаттар табыс етті. Бұл бастама байқаудың сапасын және өзектілігін арттырып, оның халықаралық сараптамалық деңгейге жақындауына ықпал етті.

Астана қаласы бойынша өңірлік кезеңнен үздік деп танылған 10 жұмыс республикалық кезеңге жолдама алған. Республикалық сараптама кеңесінің қорытындысы нәтижесінде Астана қаласынан жолданған 10 жұмыстан 4 бағыт бойынша педагогтеріміз жүлделі орындарға ие болды.

Математикалық сауаттылық бағыты бойынша Раева Мадина Дуйсенгалиевна – 2 орын

Мәдениетаралық сауаттылық бағыты бойынша Тогайбаев Руслан Каиргельдинович – 2 орын

Оқу сауаттылығы бағыты бойынша Бигожина Бакина Олжабаевна – 2 орын

Экологиялық сауаттылығы бойынша Акеева Маржан Бериковна, Ерғалиқызы Әдемі – 2 орын

YouTube-те ең көп қаралым жинағаны үшін оқу сауаттылығы бағыты бойынша Бакина Олжабаевна марапатталды.

Жеңімпаздарды байқаудағы жетістіктерімен құттықтаймыз және кәсіби шеберліктерін одан әрі жетілдіруде табыс тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар