Құрметті педагогтер!
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауы жарияланды
Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Жеңімпаздар ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.
Конкурсқа келесі 7 бағыт бойынша жұмыстар қабылданады:
1. Оқу сауаттылығы
2. Математикалық сауаттылық
3. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
4. Цифрлық сауаттылық
5. Экологиялық сауаттылық
6. Мәдениетаралық сауаттылық
7. Қаржылық сауаттылық
Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл байқаудың шарттарына биыл ішінара өзгерістер енгізілді. Енді өңірлік кезеңнен өту үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Алдымен жұмыс мазмұны мен өзектілігі жазбаша түрде негізделеді. Ал республикалық кезеңге өткен соң, педагогикалық идеяны бейнематериал ретінде ұсыну қажет.
Байқау талаптары:
• Әрбір қатысушы тек бір бағыт бойынша бір жұмыс ұсына алады;
• Жұмыс авторлық әдістемелік идеяны қамтуы тиіс;
• Материал басқа конкурстарға қатыспаған, еш жерде жарияланбаған, үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзбайтын және Қазақстан заңнамасына сай болуы тиіс.
Үздік материалдар республикалық «Үздік педагогикалық практикалар» базасына енгізіледі.
Жұмыстарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуға болады.
Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu-edu.kz сайтында 1 маусым – 1 қыркүйек аралығында қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін «Өрлеу» БАҰО облыстық филиалдарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдарға хабарласуыңызға болады.
