Өз идеяңызды бүкіл елге танытып, кәсіби жетістіктеріңізді көрсетуге дайынсыз ба? Онда «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Сіздің идеяңыз ел көлемінде таралуы мүмкін! Сонымен қатар, байқау нәтижелері аттестаттауда ескеріледі, яғни өз жетістіктеріңізді көрсетіп, заманауи әрі белсенді педагог ретінде танылуға жол ашады. Биылғы жағымды жаңалық — қатысу бұрынғыдан да оңай болды! Аймақтық кезеңде тек педагогикалық идеяның жазбаша сипаттамасы жеткілікті. Ал бейнематериал тек республикалық кезеңге қажет.
Қатыса алатындар:
🔹 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтері
🔹 жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері
🔹 қосымша білім беру педагогтері
🔹 техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері
🔹 орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері
📚 Байқау бағыттары:
🔹 Оқу сауаттылығы
🔹 Математикалық сауаттылық
🔹 Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
🔹 Цифрлық сауаттылық
🔹 Экологиялық сауаттылық
🔹 Мәдениетаралық сауаттылық
🔹 Қаржылық сауаттылық

📥 Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 1 маусым – 1 қыркүйек аралығы