«Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» конкурсының республикалық кезеңі аяқталды. Шешуші кезеңде қазылар алқасы 22 номинация бойынша 286 жұмысты қарап, үздіктерді анықтады.
Салтанатты рәсімге Әдістемелік орталық басшысының м.а. – Дауешова Сындар Мұратқызы, Білім басқармасынан – Амангелді Асыл Амангелдіқызы, Өрлеу Басқармасы, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мен еліміздің педагогтері қатысты.
Байқаудың республикалық кезеңінде Астана қаласынан 3 педагог жүлделі орынға ие болды. «Көрермендер көзайымы жүлдесі» номинациясы бойынша 1 педагог диплом иегері атанды.
Болатбаева Сауле Муратбековна – «География / жаратылыстану мұғалімі» аталымында жүлделі 2 орын
Балтабаева Батима Кабидоллаевна – “Информатика мұғалімдері” аталымында жүлделі 3 орын
Абденова Татьяна Каировна – «Көркем еңбек/музыка мұғалімдері» аталымында жүлделі 3 орын
Перетолчин Евгений Николаевич – «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды.
Жеңімпаздардың бейнесабақтары Youtube желісінің Өрлеу арнасында жарияланды, осылайша кез келген адам олармен таныса алады.
Жеңістеріңіз жемісті болсын!