Құрметті әріптестер! 2023 жылдың 10 қазанына дейін “Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023” республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр. Бұл әрбір қазақстандық педагогке 12 бағыттың бірі бойынша бейне нысанында өзінің авторлық әзірлемесін ұсынуға мүмкіндік береді.
Конкурстың барлық марапаттау құжаттары (1, 2, 3 дәрежелі дипломдар және қатысу сертификаттары) Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрінің м.а. 2022 жылдың 17 тамызы №371 бұйрығына сәйкес біліктілік санатын беру немесе растау бойынша аттестаттау кезінде ескеріледі.
https://ppi.orleu-edu.kz сайты арқылы байқауға өтінім және қатысушының жеке пошта бұлтында сақталған бейнероликтер қабылданады. Педагогтерді белсенді қатысуға шақырамыз!
Қосымша ақпаратты Аблесенова Сайлигул Гаппаровна +7 747 176 1292 телефоны немесе эл.пошта sablesenova@orleu-edu.kz арқылы ала аласыз.