✅ Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарына арналған 2023 жылғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты жыл сайынғы республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер конкурсы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1. Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту)
2. Оқу сауаттылығы –
3. Математикалық сауаттылық
4. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
5. Цифрлық сауаттылық
6. Медиа-ақпараттық сауаттылық
7. Қаржылық сауаттылық
8. Экологиялық сауаттылық
9. Денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық)
10. Әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық
11. Мәдениетаралық сауаттылық
12. Азаматтық-құқықтық сауаттылық
✅Бір педагог (немесе авторлар топтары) бір бағытқа қатысу үшін өтінім беруге және бір бейнематериал ұсынуға құқылы. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 10 қазанға дейін жүзеге асырылады. Өтінім конкурсанттың бұлтты қоймасында орналастырылған дайын бейнематериалға жұмыс сілтемесі болған кезде ғана жарамды болып саналады.