Құрметті әріптестер!
«Өрлеу» Астана филиалы жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» бейне-сабақтар және бейне-дәрістер республикалық байқауының аймақтық кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.
Конкурсқа қатысуға меншік нысанына қарамастан барлық үлгідегі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері шақырылады. Байқауға қатысу біздің аймақтың педагогтеріне өз тәжірибесімен, кәсібилігімен және педагогикалық идеяларымен бөлісуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Сіздердің өтінімдеріңіз бен педагогикалық идеяларыңызды күтеміз!
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» байқауының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға және өтінім беруге болады https://ppi.orleu-edu.kz/
Қалай өтінім беруге болатынын бейне роликтен қараңыздар.

- 27 Май
- 2023