21 желтоқсан елордамыз Астана қаласында «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық конкурсының салтанатты марапаттау рәсімінде оза шапқан жеңімпаздардың есімі анықталды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздарды кәсіби жетістіктерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
🔹Салтанатты жиында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрайымы Айдана Шилибекова мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов ұстаздарды жеңістерімен құттықтап, мұғалімдердің байқауға деген қызығушылығы жыл сайын артып келе жатқанына ерекше назар аударды.
🔹Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Оқу-ағарту министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдары, Өрлеу өкілдерінің, елордалық мектептер мен балабақшалар директорларының, Астананың жоғары оқу орындары қызметкерлерінің және білім беру саласындағы сарапшылардың қатысуымен өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған үздіктердің арасында Атыраулық ұстаздар да бой көрсетті.👏🏻👏🏻👏🏻
👩🏻🏫Атырау қаласы, А. Молдағұлова атындағы №22 жалпы білім беретін орта мектебі, физика және көркем еңбек пәні мұғалімі Урынбасарова Нургуль Канатбаевна республикалық байқаудың 3 орын иегері атанды!
📚Қатысу бағыты: Экологиялық сауаттылық
🎥Бейнематериалдың атауы: Табиғат пен өнердегі энергия: қаптамаларды қайта өңдеу

👩🏻🏫👩🏻🏫Авторлық топ ретінде қатысып, оза шапқан Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологтері Ахметова Гаухар Абаиевна және Умбетова Гульмира Талаповна байқаудың республикалық кезеңінің 3 орын иелері!
📚Қатысу бағыты: Азаматтық-құқықтық сауаттылық
🎥Бейнематериалдың атауы: Зорлықсыз қоғам – сәулелі болашақ кепілі
‼️ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бастап қатарынан бесінші рет ұйымдастырылып жатқан конкурсқа 5000-ға жуық педагог қатысты. Биыл республикалық кезеңге жолдама алған 256 бірінші орын иегелері дүбірлі додада бақ сынасты, үздіктердің қатарынан табылған барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!👏🏻👏🏻👏🏻
