«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңіне өтінім қабылдау 15 қазанда аяқталады

Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңіне өтінім қабылдау 15 қазанда аяқталады!

«Педагогикалық идеялар панорамасы» әрбір қазақстандық педагогке 12 бағыттың бірі бойынша (ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық), әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық) бейнематериал түрінде өзінің авторлық материалын ұсынуға мүмкіндік береді. Конкурсқа жеке немесе авторлық топпен қатысуға болады (топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы керек).

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар