Бүгін елордамыз Астана қаласында «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Республикалық байқаудың финалистерін марапаттау рәсімі аясында “Өрлеудің” орталық басқармасы финалға өткен 12 педагог командасы арасында өзара тәжірибе алмасу арқылы функционалдық сауаттылық туралы білімдерін қорыту мақсатында «Функционалдық сауаттылық лабиринтінде» атты тренинг-квестін ұйымдастырды.
Байқаудың 12 бағыты бойынша құрылған станцияларда педагогтер карта бойынша тапсырмаларды орындап, функционалдық сауаттылық туралы білімдерін тереңдетіп, кәсіби шеберліктерін шыңдады. Әрбір станцияға “Өрлеу” филиалдарының директорлары жауапты болды, бұл шараның маңыздылығын арттыра түсті.
Осындай пайдалы әрі қызықты тренинг-квест үшін “Өрлеу” орталық басқармасына алғыс білдіреміз. Бұл шара педагогтердің функционалдық сауаттылық саласындағы білімдерін жетілдіріп, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға үлкен серпін берді. Қатысушылар алған тәжірибелерін жұмыстарында қолдана отырып, білім беруде жаңа жетістіктерге қол жеткізеді деп сенеміз.

- 21 Дек
- 2024