«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2025» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастырған функционалдық сауаттылықтың жеті бағыты бойынша өткен республикалық конкурс өз мәресіне жетіп, Жамбыл облысы педагогтерінің жарқын жеңістерімен қуантты!
🏆 Біз өңіріміздің білім беру саласын алға сүйреп жүрген білікті де шығармашыл ұстаздарымызбен мақтанамыз:
🥈 Александр Скалкин — №40 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі — ІІ орын,
🥉 Гүлбақыт Бердалиева — №7 «Келешек» мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі — ІІІ орын,
🥉 Мейіртан Талғат — №45 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі — ІІІ орын иеленді.
Бұл жетістіктер — қажырлы еңбектің, кәсіби шеберліктің, тың идеялар мен ұстаздыққа деген шынайы адалдықтың айқын көрінісі!
Айта кетейік, «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстар тізіміне енген.
Жеңімпаз әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа белестер мен толағай жеңістер тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар