2023 жылғы 9 қараша күні мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» әрбір қазақстандық педагогке 12 бағыттың бірі бойынша бейнематериал түрінде өзінің авторлық әзірлемесін ұсынуға мүмкіндік берді.
Конкурс жұмыстары 7 критерий бойынша бағаланды: бейнересурстың өзектілігі, дәлелділігі, пәнаралық интеграция, әдістемелік құндылық, инновациялылық, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлік, аудио/бейнеқатар беру сапасы.
Байқау жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Конкурстың барлық марапаттау құжаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 17 тамыздағы № 371 бұйрығына сәйкес аттестаттау кезінде біліктілік санатын беру мен растауда ескеріледі.
Үздік деп танылған бейнематериал авторларына, Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
Байқау жеңімпаздарының тізімі мен қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар ППИ-2023 итоги





