Ақтау қаласының № 15 жалпы білім беру мектебінің базасында Өрлеу- Маңғыстау филиалы “ Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі” кафедрасының аға әдіскері А.Тулегалиев педагогтармен кездесіп, мектепке дейінгі , орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған “ Педагогикалық идеялар панорамасы” тақырыбындағы республикалық бейнесабақтар және бейнедәрістер конкурсының ережесінің мазмұнымен таныстырып өтті.Ереже мазмұнында көрсетілген конкурс мақсаты мен міндеттері, бағыттарына, бейнематериалдың мазмұны мен түріне және конкурстық жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар жөнінде мұғалімдерге кеңінен түсінік берді.

- 26 Сен
- 2023