Құрметті педагогтер!
«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының облыстық кезеңіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастырған қызықты іс-шараға қосылыңыз! Бұл сіздің білім берудегі инновациялық тәсілдеріңізді көрсетуге және 12 негізгі бағыттың бірінде өзіндік әзірлемелеріңізді ұсынуға мүмкіндік:
• Ерте сауаттылық
• Оқу сауаттылығы
• Математикалық сауаттылық
• Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
• Цифрлық сауаттылық
• Медиа-ақпараттық сауаттылық
• Қаржылық сауаттылық
• Экологиялық сауаттылық
• Денсаулық сақтау сауаттылығы
• Әлеуметтік- эмационалды сауаттылық
• Мәдениетаралық сауаттылық
• Азаматтық-құқықтық сауаттылық
Конкурсқа жеке немесе авторлық топта қатысуға болады (үш адамға дейін).
Байқауға әртүрлі форматтағы бейнематериалдар қабылданады: дәрістер, сабақтар, практикалық жұмыстар, семинарлар, шеберлік сыныптары, цифрлық білім беру ресурстары және бейнеподкасттар.
Жұмыстарды ұсыну тілдері: қазақ, орыс немесе ағылшын.
Жұмыстарыңыз жеті критерий бойынша бағаланады: тақырыптың өзектілігі, дәлелділігі, пәнаралық ықпалдастық, әдістемелік құндылығы, жаңашылдығы, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлігі, бейне және аудио сапасы.
Өтініштерді https://ppi.orleu-edu.kz сайты арқылы 2024 жылдың 15 қазанына дейін жіберіңіздер.
Қосымша ақпарат алу үшін 8-7152-50-07-40 қоңырау шалу.
Бір қадам алда болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз және бүкіл Қазақстан бойынша әріптестеріңізбен идеяларыңызбен бөлісіңіз!
Байқау ережелері мен мәліметтері: https://goo.su/zaHFN4h
«Педагогикалық идеялар панорамасына» қосылыңыз және өз шеберлігіңізді көрсетіңіз!