Өрлеу – Астана № 8мектеп – лицей педагогтеріне «Педагогикалық идеялар панорамасы» дәстүрлі республикалық бейне-сабақтар мен бейне -дәрістер байқауының қалалық кезеңіне қатысу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында әдіскер Аяулым Бактыбаевна байқау өткізудің ережесімен, бейнематериалды рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптарымен және конкурстың міндеттерін түсіндіріп, конкурсқа қатысу бағыттарымен таныстырды.
Педагогтер бейне-сабақ сюжетінің құрылымы мен монтаждау ерекшеліктері, сондай -ақ берілетін материал саны сынды сұрақтар қойып, жауап ала алды.
Бейнематериалдардың дәстүрлі түрлерімен қатар (дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс) бұл жолы педагогтер цифрлық білім беру ресурсы мен бейнеподкаст жасай алады. Жұмыстарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жіберуге болады. Конкурсқа жеке немесе авторлық топта қатысу мүмкіндігі бар (топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы тиіс). Бұл ретте конкурс қатысушылары ұсынатын бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтінім беріп, бір бейнематериалды жібере алады.
Құрметті педагогтер, конкурсқа қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.



