«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының қалалық кезеңіне қатысу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Өрлеу – Астана біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына «Педагогикалық идеялар панорамасы»дәстүрлі республикалық бейне-сабақтар мен бейне -дәрістер байқауының қалалық кезеңіне қатысу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Филиалдың әдіскері байқау өткізудің ережесімен, бейнематериалды рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптарымен және конкурстың міндеттерін түсіндіріп, конкурсқа қатысу бағыттарымен таныстырды. Педагогтер бейне-сабақ сюжетінің құрылымы мен монтаждау ерекшеліктері, сондай -ақ берілетін материал саны сынды сұрақтар қойып, жауап ала алды.

Бейнематериалдардың дәстүрлі түрлерімен қатар (дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс) бұл жолы педагогтер цифрлық білім беру ресурсын мен бейнеподкаст жасай алады. Жұмыстарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жіберуге болады. Конкурсқа жеке немесе авторлық топта қатысуға болады (топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы тиіс). Бұл ретте конкурс қатысушылары ұсынатын бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтінім беріп, бір бейнематериалды жібере алады.

Конкурс жұмыстары 7 критерий бойынша бағаланады: бейнересурстың өзектілігі, дәлелділік, пәнаралық интеграция, әдістемелік құндылық, инновациялық, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлік, аудио/бейнеқатар беру сапасы.
Құрметті педагогтер, конкурсқа қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар