«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

Ағымдағы жылдың 5 мамырынан 15 қазанына дейін Филиал барлық білім беру деңгейіндегі педагог қызметкерлерге арналған жыл сайынғы дәстүрлі  «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауының өңірлік кезеңін өткізді.

Конкурсқа 598 педагог қатысты, оның ішінде 66 қатысушы лекция, сабақ, практикалық/зертханалық жұмыс, семинар және шеберлік сыныбы, бейне-подкаст және сандық білім беру ресурсы түріндегі тұжырымдамалық педагогикалық идеяны қамтитын конкурстық бейнематериал үшін 12 номинация бойынша өңірлік кезеңнің жеңімпаздары атанды (11 қатысушы І орын, 22 қатысушы-ІІ орын, 33 қатысушы-ІІІ орын).

Конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарына дипломдарды салтанатты тапсыру рәсімі ү.ж. 12 қараша күні Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебеп  кітапханасында өтті.

Салтанатты рәсім барысында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаз педагогтары 12 номинация бойынша 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жүлделі орындар Тараз қаласының (43) және Қордай (2), Меркі (13), Т.Рысқұлов (4), Жамбыл (2), Байзақ (2), Сарысу (1), Мойынқұм (1), Шу (3) аудандарының білім беру ұйымдарының педагогтеріне  берілді.

Байқауға колледж педагогтері де белсене қатысты. Жеңімпаздар қатарында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің (1), Жамбыл жоғары медициналық колледжінің (1), Қордай ауданы, №7 Бетқайнар колледжінің (1) оқытушылары болды.

Облыстық білім беру ұйымдары педагогтерінің  жұмыстары атап өтілді: мысалы,  Дарынды балаларға арналған «Дарын» мамандандырылған лицей-интернаты (3), №3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернаты (2). Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі (1) педагогтері.

Байқаудың республикалық кезеңіне облыс педагогтері дайындаған 11 үздік шығармашылық бейне жұмыстар қатыса алады. Қалған қатысушы педагогтер сертификаттарды электронды форматта алады.

Рәсімге қатысушылар конкурстық жұмыстардың әдістемелік құндылығын, конкурсқа қатысушылардың креативті және кәсіби дайындық деңгейін, шығармашылық, кәсібилікті, пәнаралық негізде білім алушылардың ерте және/функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі педагогикалық идеяларды атап өтті.

Рәсім барысында жеңімпаздар аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Конкурстың қорытындысы көрсеткендей, оны өткізу білім берудің дамуына және үздік педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, педагогтердің кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің өсуіне ықпал етеді, ал олардың үздіктері қоғамда  қызығушылық тудырып, қолдауға ие болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар