Педагогикалық кеңес

Ағымдағы жылдың 3 наурызында курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында Шымкент қаласының №84 жалпы орта мектебінің базасында «Оқу мақсаттары аясында саралап оқыту тәсілдерін тереңдету тиімді жолдарын қолдану» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Мақсаты: Саралап оқыту оқушылардың жеке және тұлғалық ерекшеліктерін олардың білімі мен тәжірибесі, қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктері ескерілетін оқу үдерісін ұйымдастыруды, өзін – өзі бағалауға дағдыландыру, өз деңгейін анықтап оны көтеруге жағдай жасауға дағдыларын дамыту. Іс – шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жалпы саны 25 – педагогтер қамтылды.«Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Гульзира Ильясова «Оқу мақсаттары аясында саралап оқыту тәсілдерін тереңдету тиімді жолдарын қолдану» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне тапсырмаларды құрастыра отырып кері байланыстың тиімділігін көрсетіп әдістемелік көмек беріп, өзінің іс – тәжірибесімен бөлісті. Педагогикалық кеңес соңында қатысушылар кері байланыс білдіріп, курстан кейінгі осындай іс шаралардың маңызы жоғары екенін, тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберліктерін арттыруға, үлкен көмек болғаның айтып алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар