🔹«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы және Атырау облыстық студенттер Альянсының ұйымдастырумен 2023 жылдың 5 маусым күні Абай орталығы базасында «Педагогтің үздіксіз дамуы-шеберлік кепілі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізілді.
📌Семинар мақсаты:
– Болашақ педагог мамандарының кәсіби дамуына қолдау көрсету, сындарлы көзқарас қалыптастыру
– Білім беру саласындағы тәжірибелі мамандар мен жас ұстаздардың пікір алмасуын ұйымдастыру
🔹Семинардың ашылу салтанатында Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы – Гүлнар Сәдуақасова Манаповна, Атырау облысы білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы – Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы, ардагер ұстаз, Қасым Қайсенов атындағы №33 мектеп психологы – Ермұханова Марзия Есенғалиқызы жас түлектерге өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, кәсіби жолда сәттілік тіледі.
👩🏼🏫Сонымен қатар, семинарымызға арнайы шақырылған қонақтар – Сарсенгалиева Г.Ж., Темирова Б.А., Нұрсұлтанова Г.Ж., Құрмангазиева Г.Т. – өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісіп, тренинг ұйымдастырып, түлектердің сұрақтарына жауап беріп жас мамандарға деген ыстық ықыластарын білдірді.