Педагогикалық олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз

Бүгін “Ақтөбе-Өрлеу” республикалық математиктер олимпиадалық қозғалысының жетістіктеріне арналған салтанатты марапаттау рәсіміне қатысушылар мен қонақтарды қарсы алды.

Олимпиадаға кәсіби шеберлікті арттыру және жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында облыстан 100-ден астам математика мұғалімдері қатысты. Олардың ішінде 33 мұғалім үздіктердің үздігі атанды.

Білім беру ардагері Ж. А.Исатаева, РФММ түлегі А. Н.Даржанова, Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. А. Сәрсенгалиева, “Ақтөбе – Өрлеу”директоры Н. М. Әбішева педагогтарға жылы лебіздерімен, құттықтауларымен және тілектерін арнады.

Мерекелік іс-шара Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттерінің орындауындағы шын жүректен шыққан әндермен сүйемелденіп, жағымды қарым-қатынас, кездесу қуанышы, күлімсіреу және жақсы көңіл-күй атмосферасын қалыптастырды.

Республикалық олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар