📍 Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде «Өрлеу» Алматы қаласы бойынша филиалымен бірлесе ұйымдастырылған «Педагогикалық шеберлікпен бөлісу: РФММ ұстаздарының тәжірибесі» атты қалалық тәжірибелік семинар өтті.
🔬 Семинар аясында математика, физика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, география, биология, химия және тәрбие жұмысы бағыттарында қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
👥 Іс-шараға Абай атындағы РММИ, НЗМ, Смағұлова атындағы мектеп-интернаты, Өрлеу Алматы және қаланың өзге де білім беру мекемелерінен келген мұғалімдер қатысып, әріптестерінің озық тәжірибесімен танысты.
🎯 Семинар мақсаты – педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби дамуына қолдау көрсету және білім беру сапасын арттыру.
🔗 Мұндай кездесулер – білім беру саласындағы серіктестік пен үздіксіз даму кепілі!






