«Педагогикалық шеберлік-2024» облыстық конкурсына байқау жұмыстарын қабылдау аяқталды

«Өрлеу»-Павлодар филиалымен ұйымдастырылып жатқан «Педагогикалық шеберлік-2024» облыстық конкурсына байқау жұмыстарын қабылдау аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, биыл конкурстың бірінші (сырттай) кезеңі наурыздың 3-і мен 31-і аралығында өтті. Оған аймағымыздың мектепке дейінгі, бастауыш, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру, интернаттық ұйымдарының педагогтері 500-ден астам жұмыс жолдаған. Сәуірдің бірі мен жиырма бірі күндері аралығында сараптамалық кеңес мүшелері келіп түскен жұмыстарды қарастыратын болады.

Конкурстың екінші (күндізгі) кезеңі кестеге сәйкес 2024 жылғы 29 сәуірден 10 мамырға дейін өткізіледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар