2023 жылғы 24 наурызда “Өрлеу” Павлодар филиалында оқушылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктерін (функционалдық сауаттылығын) қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмаларды әзірлеу бойынша шығармашылық топ қатысушыларына арналған “Педагогикалық шеберханалар” атты семинар-практикумы өтті. Семинарға Павлодар облысы мектептерінің 32 мұғалімі қатысты.
Семинардың мазмұны құзыреттілік тәсілінің негіздеріне, мұғалімдердің оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құруға негізделген.
Семинар өзара іс-қимыл, білім алушылардың белсенділігі, топтық тәжірибеге сүйену, міндетті кері байланыс қағидаттарында ұйымдастырылады. Білім беру қарым-қатынасы ортасы құрылады, ол жайдарылықпен, қатысушылардың өзара әрекеттесуімен, олардың дәлелдерінің теңдігімен, бірлескен білімнің жинақталуымен сипатталады.
Рефлексиялық кеңістікте мұғалімдер оқытудың ыңғайлы жағдайларын атап өтеді, онда әркім өзінің жетістігін, өзінің интеллектуалды құндылығын сезінеді, оқу процесінің өнімділігін атап өтеді, бұл өз педагогикалық тәжірибесінде мәселелерді шешуге негіз жасайды.