2024 жылы аттестатталатын 575655 педагог асыға күткен «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары» жобасы «Ашық НҚА» порталына жүктелді.
Ережеде «Мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы» деген жаңа ұғым пайда болды, ол ұғымның астында мұғалімнің кәсіби қызметі туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе жатыр.
Бұл жаңа еңгізу педагогке не береді?
Ең бастысы-педагогикалық қызметтің сәттілігі туралы дәлелдер жинауға көмектесу және қарапайымдылық.
Педагог аттестаттаудан өтетін жылы көптеген қағаз құжаттар жинап әуре болмайды. Екіншіден, бұл аттестаттау қорытындысы үшін мұғалімнің жауапкершілігін арттыру.
Аттестаттау арасындағы кезеңде жүйелі жұмыс қана қажетті нәтиже береді.
Бұл жүйелілікті қамтамасыз етуде жасанды интеллект үлкен қолдау болады. Демек, үшінші маңызды қорытынды: өзін-өзі дамытуға талпыныс.
Тағы не өзгерді?
Назар аудару керек:
– мұғалімнің білімін бағалау. 50 тапсырма тек пәндік білім және оқыту әдістемесі немесе педагогика мен психология негіздері (мұғалімнің мамандығына байланысты) ПББ мазмұнын құрайды;
– басшының орынбасарлары мен әдіскерлері үшін ПББ енгізу;
– қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау мерзімдері. Ағымдағы жылдың қаңтарынан маусымына дейін бір кезең қалады. Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін екінші, бірінші және жоғары санатты педагогтер аттестаттаудың қолданыстағы форматына көшуі тиіс;
– мұғалімнің материалдарын (портфолиосын) бағалау критерийлері. Білім беру сапасы басымдыққа айналады.
2024 жыл өтпелі кезең – Платформа жұмыс істей бастағанға дейін аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайтын кезең.