Педагогтерге арналған пәндік құзыреттіліктерді дамыту курстары

«Жамбыл-Өрлеу» тарапынан ұйымдастырылған  курстарда пән мұғалімдері біліктіліктерін арттыруға кірісті. Педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдірудің ең тиімді жолы әрі  маңызды құралы  оқу сабақтарына  өзара қатысу болып табылады.  Сабақтарға өзара  қатысудың негізгі мақсаты – жаңа білім бағдарламаларының орындалуын, оқытудың формаларын бақылауға алу, сабақ сапасын тексеру, педагогтердің іс-әрекеті мен кәсіби дамуын бағалау, жаңа цифрлық технологиялармен танысу және оны оқу үрдісіне енгізуге  ықпал жасау. Жаңа білім беру бағдарламалары педагогтердің сұранысын толықтай қанағаттандырады, онда пәнді тереңдетіп оқытуда кездесетін күрделі тақырыптардың тізбесі жасақталған. Біліктілікті арттыру аясында тыңдаушыларға қажетті білім жүйесін жеткізудің негізгі мүмкіндіктері ретінде сабақтарда көбіне семинар, тренинг, демо-сабақтар, шеберлік сабақтарын өткізуге  басымдық беріледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар