Педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсету үшін 3 күндік тәжірибелік семинар басталды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 18 тамызда бекітілген ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ бойынша іс – шаралар жоспарына сәйкес (Жол картасы) жұмысы бойынша ақпаратҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 18 тамызда бекітілген ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына (Жол картасына) сәйкес Түркістан облысында білім алушылардың білім жетістіктерін бағалаудың тиімді амалдарын жетілдіру бойынша педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсету үшін 3 күндік тәжірибелік семинар басталды. Түркістан облысы аудандарының ара қашықтығын ескере отырып, жақын орналасқан аудандарды біріктіріп, 6 ауданда семинар өткізу қарастырылған. Бүгін Түркістан қаласында №19 жом, Сарыағаш ауданында № 74 жом, Сайрам аудандарында №7 Бабыр атындағы жалпы орта мектептерінің базасында бастауыш сынып және пән педагогтеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін арттырудың әдістемесі» және «9 сыныптың білім алушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізгі мазмұндық және әдістемелік аспектілері» тақырыптарындағы іс-шараның алғашқы күні өтті.Осы іс-шара ББЖМ орта білім беру ұйымдары оқушыларының білім сапасын МЖМББС сәйкестігін бағалауға, білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, білім беру процесінің барлық қатысушыларына әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталды. Филиал директорының инновациялық білім беру жөніндегі орынбасары М.Б.Ахтаев Түркістан қаласында ұйымдастырылған білім алушылардың білім жетістіктері мониторингіне қатысқан орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып және пән мұғалімдеріне арналған осы іс-шараның Бағдарламасымен таныстырып, бүгінгі тәжірибелік семинар білім беру саласындағы сапалық өзгерістердің бастамасы болатындығына сенім білдірді. Сарыағаш ауданында өткен тәжірибелік семинарда алғы сөзге шыққан Түркістан облысы бойынша өкілдік басшысы Ж.Л.Нурлыбаева ББЖМ қатысқан орта білім беру ұйым педагогтеріне бағыттар бойынша әдістемелік сүйемелдеу жасалатындығына тоқталды. Сайрам ауданында «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Б.Т.Матекова Үлгілік оқу бағдарламасы аясында 4 сынып және 9 сыныптың білім алушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың жолдарымен, әдістемесі туралы баяндама жасады. Түркістан қаласында өткен семинарға 18 мектептен 250 педагог, Сарыағаш ауданында өткен семинарға 20 мектептен 200 астам педагог, Сайрам ауданында өткен семинарға 14 мектептен 100 астам педагог қатысты.Білім алушылардың мектепте алған білімдерін объективті бағалау жүйесін қалыптастыру тәсілдерін әзірлеу жөніндегі тапсырманың ұйымдастырушылық іс-шарасында «Оқу сауатылығы», «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық», «Математикалық сауаттылық» бағыттары бойынша филиал теренерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетті. Сонымен қатар, Түркістан қаласында, Сарыағаш, Сайрам аудандарында шығармашылықпен айналысатын аудан, облыс, республика деңгейінде танымалы озат педагогтер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Тестілеуге қатысқан әрбір оқушының оқу әрекетіндегі күшті және әлсіз жақтарын анықтауға арналған тапсырмаларды құрастырудың жолдары мен орындату әдістері талқыланды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар