Педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсету мақсатында ұйымдастырылған 3 күндік тәжірибелік семинарлардың екінші күні

Семинардың екінші күні. Түркістан облысы және Шымкент қаласында білім алушылардың білім жетістіктерін бағалаудың тиімді амалдарын жетілдіру бойынша педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсету мақсатында ұйымдастырылған 3 күндік тәжірибелік семинарлардың екінші күні өз бағыттары бойынша (математика, ғылыми – жаратылыстану және оқу сауаттылығы) жалғасын табуда. Семинарлар Шымкент қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында, №46 мектеп-лицейінде және Түркістан қаласында №19 жом, Сарыағаш ауданында № 74 жом, Сайрам аудандарында №7 Бабыр атындағы жалпы орта мектептерінің базасында жұмыстары жүргізілуде. Семинар барысында тренингтер, шебер сыныптар, тәжірибелік сабақтар өткізілді, «Оқу сауаттылығы бойынша оқылым стратегияларымен жұмыс» тақырыбында шебер-сынып, «Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбында тағы да басқа көптеген тақырыптарда тәжірибелік сабақтар, тренингтер жүргізілді. Белгіленген мақтарттарға жету, білім мен мүмкіндіктерін кеңейту, тәжірибеде қолдана білу қабілеттерін нығайтуға теориялық білімдерін толықтыруға жол ашылды. Семинарға қатысушылардың қажеттілігіне орай, филиалдың тренерлері оқу сауаттылығы бойынша әртүрлі мәтіндермен жұмыс жасауда зерттеу сұрақтарын құрастыру дағдыларын қалыптастыруға назар аударды, түрлі сауалдарға жауап алды, әдістер және талдау үлгілері, басқа да дидактикалық материалдар ұсынылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар