Меркі ауданының білім бөлімінің Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында оқу-әдістемелік үдерісті жетілдіру және әдістемелік қолдау көрсету бойынша бекітілген жұмыс жоспары аясында Институт қызметкерлері «Сабақты зерттеу тәсілдерін дамыту» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мен пәндік құзыреттіліктерін дамыту арқылы сабақты зерттеудің ең тиімді тәсілдерін үйретіп, жаңа идеялар беріп, тәжірибеде оны пайдалану жолдарын қарастырды. Семинарда Институт директоры Сұлушаш Құрманбекова білім берудің заманауи трендтерін оқу үрдісінде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеру арқылы сапалы білім мен нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуге болатындығына ерекше назар аударды. Пән мұғалімдері сабаққа қажетті қызықты материалдар мен әдістемені үйреніп, теориялық, тәжірибелік білімдерін толықтырып, тәжірибе алмасты.

- 06 Янв
- 2023