Педагогтердің біліктілігін арттырудың заманауи тәсілдерін зерттеу және тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстел өтті

Астана – Өрлеу «Педагогтердің кәсіби қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу» жөніндегі 2022-2023 жылға арналған жоспары негізінде 10 маусымда «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Cамұрық» балабақшасы» базасында «Балабақшадағы оқыту мен ұлттық тәрбиенің жаңа жолдары» атты педагогтердің біліктілігін арттырудың заманауи тәсілдерін зерттеу және тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Аталған іс -шараға спикер ретінде Білім беру бағдарламалары және курстан кейінгі қолдау департаментінің бас маманы Мәдениет Хабатұлы, Әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Амирхамзина Райгуль Гильмановна, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға оқытушысы Тусупова Гульмайра Умирбековна және №71 «Мөлдір», №47 «Ақжелкен», №66 «Толағай» балабақшаларының педагогтері қатысты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар