Білім беру сапасы оқытушылардың дайындық деңгейімен анықталады. Педагогтердің кәсіби біліктіліктерін шыңдау жолында кәсіби құзыреттілігін жетілдіру әрқашанда өте маңызды.
Ағымдағы жылдың 20 қарашасынан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Педагогтердің кәсіби дамуын басқару» тақырыбында оқыту семинарлары басталды. Семинарға Өрлеу филиалдарының басшылары, профессорлық-оқушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында қатысушы-тренерлер төмендегі мәселелерді зерделейді:
педагогтердің практикасын кәсіби даму құралы ретінде бағалау;
мұғалімдердің кәсіби даму қажеттіліктерін анықтау;
сабақты бақылауды ұйымдастыру және өткізу;
сабақтағы саралауды бақылау;
педагогтердің кәсіби дамуын қолдау жөніндегі іс-шараларды қадағалау.
Педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған бұндай іс-шараларға қатысуы педагогикалық практикаға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
Әріптестерімізге кәсіби біліктіліктерін шыңдауда шығармашылық табыстар тілейміз!








