Педагогтердің кәсіби дамуын қолдау іс-шаралары

Педагогтердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында Алматы облысы Талғар ауданына қарасты МЖДШО бар №17 орта мектебінде Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Меруерт Бисенбаева коучинг ұйымдастырды.

Коучинг барысында сабақты саралау, оның тәсілдері мен әдістері, оқыту модельдері, оқушыларды бағалау әдістері талқыланды. Педагогтермен өзара талдау, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Меруерт Бисенбаева аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ғалия Пірәлі өткізген ашық сабағына қатысып, өзінің тиімді кері байланысын берді. Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау жұмыстары алдағы уақыттарда өз жалғасын табады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар