Педагогтердің кәсіби дамуы бойынша тренерлерді даярлау курсы өтуде

📚Ұстаздың ұстазы болу – үлкен жауапкешілік, сол себепті педагогтің біліктілігін арттыру үшін Өрлеудің оқытушылары әрдайым өз білімін шыңдауы тиіс. Қарашаның 20-шы жұлдызынан бастап өңірлердегі филиалдар оқытушылары мен қызметкерлері Астана қаласында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогтердің кәсіби дамуы бойынша тренерлерді даярлау курсы» семинарына және 27-сінен бастау алған «Бағалау тәсілдері мен әдістерін қолдану: жоспарлау, құралдарды әзірлеу, кері байланыс» атты семинарларға қатысты.

📚Павлодар филиалынан Р. Ашимбетова, А. Ахметниязова, А. Идилуп, Ө. Ертісхан, Б. Каримова, Д. Тоганбекова, А. Сураганов, А. Мухаметалина, Ж. Слямова біліктілігін арттырды.

📚Оқыту 3 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде (Астанада 5 күндізгі сабақ) семинарға қатысушылар келесі тақырыптармен таныс болды:

📌 педагогтердің практикасын кәсіби даму құралы ретінде бағалау;
📌педагогтердің кәсіби даму қажеттіліктерін анықтау;
сабақты бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
📌 сабақта саралауды бақылау;
📌 педагогтердің кәсіби дамуын қолдау жөніндегі іс-шараларды бақылау.

📚Екінші кезең 4 апта жалғасады. Өрлеу қызметкерлері 1 кезеңде алған білімдерін практикада, әрқайсысы өз өңірінде қолданатын болады. Олар мұғалімдерге арналған іс-шараларды (таңдау бойынша) ұйымдастырады, іс-шаралар жоспары, ресурстар, мұғалімдердің кері байланысы мониторинг үшін семинар кураторына жіберіледі. Сондай-ақ, Өрлеу тренерлері сабақтың 2 бақылау парағын толтырып, жеке дәлелдемелер портфолиосын қалыптастырады.Куратор әр портфолионы талдайды және оны жақсарту бойынша ұсыныстар береді.

📚Үшінші кезеңде портфолионың соңғы нұсқасы бағаланады, ал Өрлеу оқытушылары педагогтердің кәсіби дамуын қолдау бойынша жаттықтырушылар сертификаттарын алады.

📌семинардан оралған оқытушылардың бірінші легі іс-шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын, өз қоржынын қажетті біліммен толықтырғанын атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар