“Педагогтердің кәсіби даму перспективалары” тақырыбында вебинар-кеңес өтті

18 қаңтар күні Оралдағы «Өрлеу» институтында “Педагогтердің кәсіби даму перспективалары” тақырыбында вебинар-кеңес өтті.

Вебинар кеңеске институт директоры Софья Измуханбетова,  БҚО білім беруді дамыту орталығының директоры Гүлмира Кубашева, облыстық білім басқармасының өкілдері, қалалық, аудандық білім беру бөлімінің меңгерушілері мен әдіскерлер, институттың Кәсіби білім беру кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

         Басқосуда институттың  2023 жылға арналған курстық және курсаралық жұмыс жоспарымен таныстыру, біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтерді курстан кейінгі қолдауды ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер, облыстық білім беруді дамыту орталығы мен  институттың  бірлескен жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қарастырылды.

    Шара соңында жыл бойы бірлесіп өткізілетін тапсырмалар нақтыланып, ұсыныстар айтылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар