Өрлеу Республикалық кәсіби даму институты және Алматы қаласы №176 мектеп-гимназия арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Институт тренері Кеніштайқызы Гүлбала мектеп-гимназиясы директорымен кездесу барысында Институттың негізгі қызмет бағыттарымен таныстырып, алдағы уақытта бірлескен жұмыс бойынша келісім жасалды.
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» Заңнама негізінде педагогтер үшін қолайлы жағдай жасау және олардың кәсіптік деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар кешенін іске асыруға пен мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік нұсқаулықты әзірлеуде тәжірибе алмасады.
Әдістемелік кеңес беруді жүзеге асыру, дәрістер оқу, семинарлар, тренингтер, мастер-класстар ұйымдастыру мен өткізу бойынша жоспар жасалды.
