Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды. Курс тренерлері Кулайм Рахатова, Сарагүл Шаштыгарина – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамытып, ойын формалары мен әдістерін ұсынды. Қатысушылар курс барысында көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Тыңдаушылар курстық кезеңге белсенді араласып, семинарларға қатысты. Сондай – ақ курс соныңда филиал директоры Нұргүл Абишева педагогтерді құттықтай отыра біліктілікті арттыру курсын аяқтағанын растайтын сертификатты табыстап қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Тыңдаушылар бұл курстардан алған оң әсерлерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, білімдерін жетілдіргенін жеткізді. Айта кетейік, құрметті педагогтар, жаңа бағдарламалар аясында тыңдаушылармен өзара іс-қимыл біліктілікті арттыру курсын бітіргеннен кейін аяқталмайды, ол педагогтің кәсіби өсуінің әзірленген траекториясына сәйкес курстан кейінгі кезеңде жалғасын табатын болады. Құрметті әріптестер, “Өрлеуде” пәндік курстар жалғасады, Сіздерді курсқа қатысуға шақырамыз!



