Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Ал осы сапаға қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру аса маңызды. Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы облыс педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруда. Осы орайда білім беру ұйымдарының сұранысы негізінде 15 қаңтарда бастау алған курста мұғалімдер білімдерін шыңдауда, олар келесі тақырыптарды қамтыған:
-“Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары”;
-“Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру”;
-«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
-“Биология пәні мұғалімінің каәсіби құзыреттілігін дамыту.7-9 сыныптағы қиын тақырыптар”.
Сонымен қатар, 22 қаңтарда дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған “Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту” тақырыбындағы оқу курсы бастау алды.
Курстар барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып оларды бағалаудың технологиясы бойынша өзінің кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады.
Қазіргі егеменді еліміздің ертеңі білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақтардың қолында. Олай болса, уақыт талабына, заман талғамына сай ұрпақ тәрбиелеуде білікті де білімді, құзыретті, жауапкершілігі мол ұстаздар ғана жүзеге асыра алады.





