Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу педагогтердің кәсіби шыңдалуына ерекше ықпал етеді.
Жаңақала аудандық мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері үшін 28 ақпан мен 1 наурыз аралығындағы тренингтер, шеберлік сыныптар өткізу жоспарланған.
28 ақпан күні Оралдағы «Өрлеудің» педагогикалық және пәндік әдістер кафедрасының тренері Бағдагүл Габбасова курстан кейінгі қолдау мақсатында Жаңақала ауданы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде болды.
Аға оқытушы бастауыш мектептерде оқушылардың білім сапасын арттыру, мектеп мұғалімдерінің әдістемелік білім деңгейін жетілдіруге көмек беру мақсатында мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысты.
Сондай-ақ «Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және оқытуды тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында өткен аудандық семинарға қатысты.
Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері «Металдар қандай болады?», «Әріпті өрнектер», «Құстар біздің досымыз», «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыптарында ашық сабақтар ұйымдастырды. . «Өрлеу» тренері Бағдагүл Габбасова “Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру процесі» тақырыбында шеберлік сынып көрсетіп, әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Аталмыш шара мектеп педагогтеріне білім кеңістігінде қолданылатын тиімді амалдарды пайдалану жолдарын көрсетсе, курс тыңдаушысы үшін курстан алған білім мен біліктілік дағдыларын пысықтауда маңызы зор.
«Өрлеумен» бірге болыңыз!






