Өткен аптада педагогтердің тоғызыншы легі білікті арттыру курстарын тәмәмдады. Байқағаныңыздай биыл пәндік курстармен қатар, шағын жинақталған мектептердің басшыларына арналған менеджмент бойынша, мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған курстармен толықты. Оқытылған педагогтер қатарына кітапханашылар, интернаттық мекемелер тәрбиешілері, аға тәлімгерлер, білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері (дефектолог, ұстаз-дефектолог) қосылды.
Сонымен қатар, бұл жолы алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары курс тыңдаушылары болды. Екі апта бойы ұстаздар теориялық ақпаратпен қатар практика жүзіндегі іс-шаралармен айналысты.
Сондай-ақ, осы аптада ШЖМ цифраландыру бойынша курстардың соңғы тобы білімін аяқтайды. Аталмыш іс-шара пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен ұйымдастырылды. Тамыз, қыркүйек айлары аралығында бұл курстарға Павлодар өңірінің барлық аудандарының (Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Железин, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты мен Ақсу қ., Екібастұз қ. (ауыл аймақтары) 843 педагогі мен 24 жетекшісі қатысты.
Алдағы екі апта бойы институт қабырғасында 12 топ мұғалім білімдерін шыңдауда. Оларға біліктілікті арттыру үрдісінің сәтті өтуін тілейміз!