Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды

  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды жоба жалғасуда. Оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсынымдары негізінде әзірленген.

  Бес күндік курс барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренерлері педагогтерге қаржыны басқарудың негізгі қағидаттарын үйретеді. Мұғалімдер қаржылық мінез-құлық психологиясы, отбасындағы бюджет пен шығындарды жоспарлау әдістерін меңгереді. Ал ҚР Ұлттық Банкі мамандары инфляцияның жеке қаржыға ықпалы, инвестиция, цифрлық активтер, несие мен зейнетақы жүйесі, алаяқтықтың түрлерін ажырату және жеке деректерді қорғау тақырыптарында дәріс оқиды.

 

Осылайша, бір апта ішінде еліміздің барлық өңірінен «Жаһандық құзыреттілік» пәнін оқытатын 500-ге жуық педагог арнайы курстан өтіп, мектеп оқушыларына дәріс оқуды бастайды. Жыл соңына дейін олардың саны 6 мыңға жетіп, 2026 жылы тағы шамамен 4 мың мұғалім қамтылады.  

Қаржылық сауаттылықты білім беру жүйесіне енгізу – экономикалық тұрақтылықты нығаютуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама қоғамның қаржылық мәдениетін артырып, қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтықтан қорғануды күшейтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар