Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы: аттестаттау нәтижелері бойынша кері байланыс

Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы республикалық ұстаздардың тамыз конференциясы аясында «Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы: аттестаттау нәтижелері бойынша кері байланыс» тақырыбында панельдік секция өткізді. Жиынға еліміздің әр өңірінен келген ұстаздар, білім басқармаларының өкілдері, әдістемелік кабинет меңгерушілері және «Өрлеу» филиалдарының директорлары қатысты. Секция жұмысында педагогтерді аттестаттау жүйесінің өзекті мәселелері және аттестаттау қорытындысы бойынша берілетін кері байланыс негізінде кәсіби даму бағытын айқындау тәсілдері талқыланды.

Орта білім беру комитетінің Мемлекеттік саясатты іске асыруды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы Дүйсембаева Айман Тельманқызы аттестаттау процесін үйлестірудің негізгі тетіктерін түсіндірді. «Өрлеу» ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры Биданов Азамат Өтегенұлы «Ұстаз» платформасында «модератор» және «сарапшы» біліктілік санаттары бойынша өткізілген аттестаттаудың нәтижелерін ұсынды.

Секция жұмысында сондай-ақ, білім беру саласындағы әдістемелік қолдау тәжірибесі мен педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру жолдары талқыланды. Педагогке кәсіби жолының әр кезеңінде көрсетілетін қолдау үлгілері таныстырылды. Сонымен қатар «Ұстаз» платформасы арқылы педагог тәжірибесін бақылау, электрондық портфолио қалыптастыру және жеке кәсіби даму жоспарын құруға арналған практикалық тәсілдер ұсынылды.

 Панельдік секция соңында қатысушылар аттестаттау жүйесін жетілдіру және педагогтерге көрсетілетін әдістемелік қолдауды күшейту бойынша түрлі ұсынымдар қамтылған қарар қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар