«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы тәрбиешілерге арналған «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсын жалғастыруда.
Бүгінгі семинар бойынша ПЕДАГОГТЕРДІҢ IT-ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ, МУЛЬТИПЛИКАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДІ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ қарастырылды.
Мақсаты: тыңдаушылардың мультипликациялық фильмдер жасау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Курс барысында тренер мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамытып, ойын формалары мен әдістерін ұсынуда. Сондай-ақ жаңа талаптарды қамтыған тақырыптармен танысып, ойынды түсінудің әртүрлі тәсілдерін зерттеп, мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі ойын түрлерін талдап және қолдану дағдыларын меңгеруде.
Ойындар мен ойын сюжеттерін модельдеу тәжірибесін курс тренері жаңа бағдарламалар арқылы қатысушыларға мультфильм жасау әдістері мен ойын формалары арқылы педагогтердің ойын құзыреттілігін дамытуда.




