Бүгін Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» және «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тәжірибеде жүзеге асыру мәселелерін талқылауға арналған облыстық семинар-кеңес өтті.
Облыстық семинар кеңеске «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты, жергілікті білім беру ұйымдары, аттестациялауға қатысатын ұйымның жауапты өкілдері мен кадр жұмыстары бойынша басшылары қатысты.
Семинар барысында:
-аттестаттау үдерісінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығы;
-аттестаттау комиссиясының құрамына қойылатын талаптар мен комиссия мүшелерінің жауапкершілігі;
-біліктілік санатын растау кезінде 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер, «педагог-шеберлер» педагог білімін бағалау талаптары;
-аттестациялауға құжаттар тапсыру (босату), қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтау барысы;
-білім беру ұйымдарындағы басшылар мен педагогтерді тағайындаудың заңнамасы;
-заң және ұжымдық шарт талаптары;
-еңбек заңнамасындағы өзгерістер;
-педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәртібі және басшыларды тағайындаудың қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.