ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРЕМІЗ

1. Аттестаттау комиссиясы қаңтар – маусым айларында жұмыс жасайды және жылына 1 рет шешім шығарады, осылайша педагогтер 1 қыркүйектен бастап жалақыларына тиісті үстемақыларды алуға мүмкіндік алады;

2. Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Бұл ұжымдағы келісім мен өзара ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді, әрбір аттестаттаудан өтетін педагогке ұжым басшылығы тарапынан нақты қолдаулар көрсетіледі;

3. Әрбір сабақ (дәріс, шара, ұйымдастырылған іс-әрекет) – педагогтің білім беру әдістемесін меңгеруінің көрсеткіші болмақ;

4. Егерде педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалыстан шықса немесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолданыс мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады (бұрын 1 жыл);

5. Екінші, бірінші, жоғары санаттағы (көне формат) педагогтерге қолданыстағы форматқа ауысуға жақсы мүмкіндіктер қаралған: олар кез-келген біліктілік санатына арыз бере алады (“шеберден” басқа) және оң нәтижелер болған жағдайда таңдаған санаты бекітіледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар