Құрметті педагогтер!
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО-ның ресми әлеуметтік желі парақшаларында «Ұстаз» цифрлық платформасын пайдалану және аттестаттау тәртібіне қатысты өзекті сұрақтарға тұрақты түрде түсіндірме беріліп келеді. Сондай-ақ, бүгінде педагогтерге әдістемелік және техникалық қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық өңірінде жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Бірнеше өзекті сұрақ бойынша ресми жауаптар ұсынамыз.







