Педагогтерді Институттың курстарымен таныстыру

2023 жылдың 7 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Нарсеитова Фатима Алматы қаласы білім басқармасының Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының ұжымымен кездесіп, Республикалық кәсіби даму институтының 2023 жылға бағытталған  жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.

Таныстырылым аясында орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары,  жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндерді оқыту үшін біліктілікті арттыру курстарының бағыттары мен контингенті  және аттестаттау кезіндегі келеңсіздіктерді жою жолдары жөнінді маңызды мағлұматтар  берді. Кездесу соңында педагогтер жеке сауалдарына өз жауаптарын алды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар