Педагогтерді курстан кейінгі қолдау жұмыстары

Алматы облысы Талғар ауданы Қызылқайрат ауылындағы №19 көпсалалы мектеп-гимназиясында педагогтерге курстан кейінгі қолдау жұмыстарын жүргізу мақсатында «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Меруерт Бисенбаева мектеп педагогтерімен кездесіп, ашық алаң жүргізді. Жалпы пән мұғалімдеріне зерттеу жұмыстарын оқушылармен жүргізуге байланысты кеңестер ұсынды.

Шара барысында мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Л.Үсембаева мектептің әдістемелік жұмыстарына, бірлестіктер бойынша зерттеу жұмыстарына, сабақ жоспарлауда туындайтын мәселелер және жас мамандармен жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Оқу үдерісінде оқушылардың оқу жетістіктерін жоспарлап, оқыту, бағалау бойынша тиімді кері байланыс берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар