Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Жадыра Абдрахимова Алматы облысы, Іле ауданы, №20 орта мектеп педагогтеріне курстан кейінгі қолдау жұмыстары өткізді.
Тренер мектеп педагогтерімен кездесіп, оқушылардың бойындағы мінез-құлық ерекшеліктерін талқылады. Талқылау барысында девиантты мінез-құлықты баланың іс әрекеті мен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру бойынша заманауи әдістер туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, педагогтер мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығын айқындап, өзара пікір алмасу өтті.








