Педагогтерді курстан кейінгі қолдау: функционалдық сауаттылықты дамыту стратегиялары

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты Гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы кафедрасының аға-оқытушысы Майя Салауатқызы Ажигулова ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен онлайн кездесу өткізді.

Бұл іс-шара «Ағылшын тілі сабақтарында функционалдық оқылым дағдыларын дамыту стратегиялары мен әдістері» тақырыбындағы курстан өткен педагогтерге арналған посткурстық қолдау аясында ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – мұғалімдерге оқушылардың оқылым сауаттылығын дамыту стратегияларының түрлі үлгілерін көрсету, тиімді тәжірибелермен бөлісу және инновациялық технологияларды педагогикалық тәжірибеде қолдануға әдістемелік қолдау көрсету.

Онлайн кездесу барысында тыңдаушыларға функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер таныстырылды, соның ішінде:
• ақпаратты түрлі дереккөздерден іздеп, жүйелеу, талдау және нақты міндетті шешуге қажетті ақпаратты іріктеу;
• тапсырмалардың мазмұндық аспектісін оқушылардың жеке құндылықтарын (патриотизм, туған жерге сүйіспеншілік, салауатты өмір салты) дамыту арқылы айқындау тәсілдері.

Кездесуде мұғалімдер өз тәжірибелерінен мысал келтіріп, курстан алған білімдері негізінде әзірлеген тиімді әдістемелік жұмыстарымен бөлісті. Сонымен қатар, пікір алмасу мен кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар әріптестерінен және тренерден пайдалы кеңестер алды.

Функционалдық оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды ағылшын тілі сабақтарында түрлі цифрлық ресурстарды пайдалана отырып интеграциялау жолдарына ерекше көңіл бөлінді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар