Педагогтерді кәсіби қолдау мақсатында ашық есік күні өткізілді

Педагогтермен іс-тәжірибе алмасу және кәсіби қолдау мақсатында Алматы облысы Талғар ауданы №39 орта мектебінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Мектеп директоры Меруерт Арынбаева мектептің ағымдағы оқу жылының жұмыс жоспарымен, сондай-ақ атқарылып жатқан іс-шаралар бойынша баяндама жасады.

Ашық есік күніне Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Қайсар Нұрлыбаев, сонымен қатар, Институттың «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Бисенбаева мен кафедраның аға оқытушы Мариям Мухамадиева қатысты.

Институт қызметкерлері пән бірлестіктерімен қысқа мерзімді жоспарлауда, саралау тапсырмаларын құрастыру бойынша кеңес-пікірлерімен алмасты. Сондай-ақ, қазақ әдебиеті, бастауыш сыныптардың сабақтарына қатысып, мұғалімдердің ғылыми жоба жұмыстарымен таныса отырып, пікір алмасу алаңы жасалды. Бастауыш және гуманитарлық пәндер бойынша коуч-тренингтер жүргізілді.

Мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуын қолдауға байланысты осындай іс-шаралар алдағы уақытта жоспарланатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар